Бұл жолы Илья Ильин өзінің бұрынғы досы екеуінің арасындағы қарым-қатынас туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің сұхбатында баяндады.
«Оның ішімдікке салынғанына 10 жылдан астам уақыт өтті. Ол өзінің жанайқайын айтты. Қазір ол клиникада, біз оны таптық. Онымен бәрі жақсы. Мен оны емге жатқыздым, федерация бәрі кірісті. Мен өзімді мен емес, халық саған қол созып жатыр деп түсіндірдім. Қазір осы көмекті алмасаң, кейін мүмкіндік болмайтынын түсіндірдім.
Тағы бір нәрсені түсіндіріп өтейін, ол бұрын да емделді, оған ақша да, жұмыс та, бәрі берілді. Ол бұл аурумен бұрыннан күресіп келе жатыр. Бірақ ол бір ай ғана шыдайды, бір айдан кейін қайта ішімдік ішіп бастайды. Оны талай рет ауруханаға да жатқызды, бірақ бәрібір шыдамайды. Апталап емес, айлап ішіп кетеді», — деді спортшы.