”Бұл дүниедегі ең ауыр жұмыс - әйел қауымымен жұмыс жасау” - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бұл дүниедегі ең ауыр жұмыс - әйел қауымымен жұмыс жасау” - Ахметбек Нұрсила

”Бұл дүниедегі ең ауыр жұмыс - әйел қауымымен жұмыс жасау” - Ахметбек Нұрсила

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әйел қауымы туралы сөз қозғады.

  • 20 Мамыр
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бұл дүниеде ең ауыр жұмыс, әйел қауымымен жұмыс жасау((( Әсіресе қазіргі заманның әйелдері, әйел емес, «вампир», болып кеткен, босқа «кошмар апа» деп айтпайтын болу керек жастар))

Қазіргі әйелдер біздің шешелеріміз бен әжелеріміздің көрген қиындықтарының 1% да көріп жүрген жоқ ау

Менің шешем 15 бала тапқан, өмір бойы әкемнің қасында малда болды. Таң бозынан тұрып, сиыр сауу, от жағу, кір жуу, тамақ пісіру сияқты бітпейтін шаруаны істей жүріп, жоқшылықты көріп жүріп бір дауыс көтеріп айғайлап, шу-шұрқан шығарып жатқанын көрмей өстік.

Сол анамыз 90 жас өмір сүрді. Көзінен, сөзінен үнемі мейірім төгіліп тұратын еді

Қазіргі әйелдердің өне бойы запыранға толып қалған. Аузын ашса сол запыран шығады, сондықтан да 90% да денсаулық жоқ..

Жан мен Тән орталығына да 80% әйелдер келеді, есіктен кіре айғай, кінә тағу, аяғын жаласаң да көңілін табу қиын!

Жан мен Тән орталығын ашамын дегелі көбіне әйел адамдармен жұмыс жасауға тура келіп жатыр. Гипнотерапия курсын да 5 әйел адамға оқыттым.

Уақытым мен күш -қуатымның 70%-80% солардың ұрыс-керістерін реттеумен кетіп жатыр десем болады.
Бірін-бірі көре алмау, қызғаныш, өсек, бітпейтін алыс-жұлыс адамның діңкесін құртады(((

3 вйел жиналса екі де бір болып бөлініп алып, соғыса кетеді екен(((

Неге бұлай болып кетті, қалай ойлайсыздар?”, — деп жазды кәсіпкер.