«Бұл маған екі әріпті жазып масқара болған»: Журналист өзіне анайы сөз жазған адамның тағы да саяси додаға түсіп жатқанына күйінді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бұл маған екі әріпті жазып масқара болған»: Журналист өзіне анайы сөз жазған адамның тағы да саяси додаға түсіп жатқанына күйінді

«Бұл маған екі әріпті жазып масқара болған»: Журналист өзіне анайы сөз жазған адамның тағы да саяси додаға түсіп жатқанына күйінді

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің желідегі парақшасында сайлауға түсіп жатқан тағы бір депутатқа күйінді. БАҚ өкілінің айтуынша Уайс Ерсайынұлы 2019 жылы Праймеризге қатысып, одан өтпей қалған. Су жаңа кандидат Маңғыстау облысы бойынша тағы да бағын сынап көрмек болған.

  • 23 Ақпан 2023
  • 953
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлайды.

Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазған.

«Мынау да шығыпты ғой. Естеріңізде ме, 2019 жылы бұл екі әріпті маған жазып масқара болғаны?! Кімнің есінде?!Ақыры менің оқырмандарым бұны талап жегенінде, кешірім сұрап, парақшасын жауып қашқан жоқ па?! Мені блоктап та тастаған еді!

Бұл ойлады-ау деймін мен бұның екі бұттың арасындағы сөзіне тырқылдап отыра береді деп! Бір кездері Бауыржан Байбекке: «Сіздің командаңызда болу мен үшін бақыт» деген (өз көзіммен көріп, құлағыммен естігенмін), ал әлеуметтік желіде белден төмен анайы сөздер жазып отырған жарбақайды қалайша сайламақсыздар?!

Маңғыстаулықтар! Басқасы басқа, дәл мынаған дауыс берудің қажеті жоқ! Елнұр Бейсенбаев, немене бір кездері өтпей қалған адамдарды жинағансыз?! Мынауың белден төмен сөздерді қазақ қыздарына айтып жүрген ақынсымақ қой! Шығарайын ба жазғанын?!
Ел тағы түтіп жесін!!! Karin Erlan , қане, Жаңа Қазақстандарыңыз!? Сол баяғы түрлер ғой Праймеризден өтпей қалған!», — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының журналистің аталған жазбасына қатысты пікірлері қақ жарылған. Олардың бірі депутатқа қолдау көрсетсе, енді «мұндай кандидаттар түспеуі тиіс» деген пікір білдірген.


«Ақшасы кімде бар, солар түсіп жатқан сияқты ғой», «Бибігүл қызым, көрейік кімнің кім екенін, шынымен халыққа ұнап жатса өтер, өтпесе тағы көреміз», «Неге бәріне тиісе бересіз? Қанша жыл осындай сайлауды күтпедік пе? Бәлкім осы жолы халық арасында жүргендер депутат болып қалар? Егер солардың өзі халықты сатып кетсе, тағы көреміз дегендей» деп жазды олар.