Бұл ақпаратты ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Арман орындалады, тіпті мүмкін емес жағдайда да. Менің арманым орындалды, мен оған бар өмірімде ұмтылған едім», — деді.
Қазақстандық спортшы жарыс барысында алған әсерімен бе бөлісті. Оның атап өтуінше, бұл өте шиеленісті 250 шақырымға созылған бәсеке болды. Барлығы да 6 сағат бойы өте ауыр жарыс жолын жүріп өтті.
«Мені соңғы сәтке дейін Олимпиадаға бару не бармау мәселесі қатты толғандырды. Біреудің орнын алғым келмеді, бірақ артынан өзімнің күшімнің, әлеуетімнің бар екендігін сезіндім. Дегенмен де бір аптаның ішінде күш-қуатымды қалпына келтіру қиын болғандығын мойындауым керек», — деді Олимпиада чемпионы.
Ал Олимпиаданың алғашқы күнінде-ақ алтын иеленуімізді жақсы ырымға бағалаған ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев: «Бұл Винокуровтың лайықты жеңісі. Мен оны және барлық қазақстандықтарды ағашқы жеңістерімен құттықтаймын», — деді.