Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Хэллоуин мерекесі батыс мәдениетінің көріністері. Бұл мейрам біздің қоғам үшін арналмаған. Қазіргі жастар үшін Хэллоуин өзінің бейнелігімен тартымды. Жастар батыс мәдениетіне бағытталып, сол жақтан келетін барлық нәрсені қабылдайды. Хэллоуин біздің мәдениетімізге сәйкес келмейді, сондықтан мейрамды тойламаса да болатын еді. Біз өз мерекелерімізді дамытып, насихаттауымыз керек деп санаймын»- деді Абдулина Ақсұңқар
Оның айтуынша, жастарға біздің мәдениетімізге қатысты мерекелерді ұсыну керек. Жағымды энергетикасымен тартатын батыстық мейрамдар да бар. Мысалы, Әулие Валентин күні, ал Хэллоуин мерекесінде тартымды энергетика жоқ. Бірақ бұл мерекені тойлатуға тыйым салудың қажеті жоқ. Өйткені тыйым салынған жайттар көп назар аудартады. Егер жастар тойлағысы келсе, тойлай берсін. Бірақ өз бетімен бұл мерекені насихаттаудың қажеті жоқ. Ал колледждер, университеттер осы мейрамға байланысты іс-шараларды өткізудің қажеті жоқ.