"Бұл олардың таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл олардың таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы

"Бұл олардың таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы

"Бұл олардың таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы

  • 5 Ақпан 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова журналистердің Астанадағы бес қыздың өліміне қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысынан кейін Светлана Жақыпова журналистерге ведомство өкілдерінің қаза тапқандардың отбасына барып, көңіл айтқанын хабарлады.

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі уақытта көпбалалы отбасылардың арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, отбасы табысы төмен болса, қосымша жәрдемақы алатынын айтады.

"У-шусыз жауап берейін. Бүгінде министрлікте көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мәселесін жетілдіру талқыланып жатыр. Осыған дейін ешқандай шаралар қолданылған жоқ деп ойламаңыздар", — деді Жақыпова.

"Ал министр қайда (Мадина Әбілқасымова), ол кешеден бері ем алып жатыр дейді ғой?", — деп сұрады журналистер.


"Жоқ, кешеден бері емес, өткен аптадан бері ауырып жатыр", — деді вице-министр.

"Қаза тапқан балалардың отбасына барып қайттыңыз ба?", — деп тағы сұрақ қойды БАҚ өкілі.

"Барып қайттық. Кеше министрдің өзі де барып қайтты", — деді Жақыпова.

"Ата-анасы неге түнде жұмыс істеуге мәжбүр болған?", — деп сұрады журналистер.

"Бұл өз таңдаулары", — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар