Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”20 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА ЖҮРГЕН ОТБАСЫ
туралы ақпарат тез тарады. Қоғам дүр сілкінді, өзіміз Алматыда отырып жаға ұстадық.
Оқиға Қызылорда облысы, Қазалы ауданының шалғайда жатқан Жұбан атты малшы ауылында болған.
Көкейде сұрақ көп: сонда 20 жыл бойы бұл отбасын ешкім көріп-білмеген бе? 3 бала қайда туды, қалай өсті, мектепке барған ба? Отбасы ауырмай ма, науқастанған жағдайда дәрігер шақырған жоқ па? 20 жыл бойы өз туысын жасырын ұстап келген кәсіпкер кім? Шындығында, туыс па?
Басында қылмыстық іс қозғалды деді, іле-шала нағашы-жиен мәмлеге келді, 20 жылғы еңбегін өтейтін болыпты деген хабар тарады. Әйтеуір, ақпарат беті гу-гу, ду-ду.
Бұл отбасы қазір қайда? Шындығында, не болып жатыр? Оқырманым арасында Қожагелді бауырымыздың отбасын танитын білетіндер бар ма? Ел не дейді бір бөлек, ресми органдардың мәліметі қандай?
Ақыр Қызылордаға келген соң дәл қазір анықтаймын”, — деп жазды журналист.