"Бұл қалай?!" 14 жастағы түркістандық Назакаттың баласының əкесі мүлде басқа адам болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл қалай?!" 14 жастағы түркістандық Назакаттың баласының əкесі мүлде басқа адам болып шықты

"Бұл қалай?!" 14 жастағы түркістандық Назакаттың баласының əкесі мүлде басқа адам болып шықты

Түркістандық 14 жастағы Назакаттың сəбиінің əкесі өзі ойлағандай болмай шықты.

  • 11 Желтоқсан 2020
  • 13151
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт бөлімге созылған бұл оқиғаның түйіні бүгін шешілді.

Естеріңізге салсақ түркістандық 14 жасар қызды жүкті етіп, баласын мойындамай жүрген азаматтардың қайсысы сəбидің əкесі деген басты сұрақ болатын.

Назакат Раметова баласы Ахметтің əкесі Хасан деген сөзді сеніммен айтқан болатын.

Алайда ДНК сараптамасы мүлдем басқа көрсеткішті көрсетіп, шындықты ашып берді.

Кішкентай бейкүнə сəбидің əкесі Хасан емес студияда отырған Абдурашидов Карим болып шықты.

ДНК сараптасы шыққан соң Карим мен Назакаттың бəрінен жасырған шындығы əшкере болды.Күтпеген жағдайдан Назакаттың көңіл-күйі түсіп "олай болуы мүмкін емес" дегенді айтқысы келеді. Тіпті баланы шын әкесіне ұстатпаймын деп көзіне жас алды. 


Желі қолданушылары: "Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам","Жарайды енді əкесі белгілі болды","Бақытты боп кетесің əлі","Назакат мықты бол" — деген пікірлер жазылуда.