"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді

"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді

Биыл 5 мыңнан астам киіктің өлексесі жойылды

  • 28 Наурыз
  • 4
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киіктердің өлексесі бейнеленген видео тарады. Экология және табиғи ресурстар министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді.

«Мұндай жағдай басқа аймақтарда да тіркелген. Көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында табылды», — деп хабарлады министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер.

Мамандардың айтуынша, бұл табиғи жағдай. Әр өңірдегі жедел штаб бекітілген алгоритммен өлекселерді жойып отырады.

«Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады. Бұл жұмыстарға барлығы 150-ден астам адам, 51 техника жұмылдырылды. Биылғы жылдың басынан бастап 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды», — дейді ведомстводағылар.

Комиттетің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 4,1 миллион киік бар. Кеңес Одағы тұсында олардың саны небәрі 1,2 миллион болған.