"Бұл текетірестен Қазақстан экономикасы зардап шегеді": Трамтың шешіміне саясаттанушы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл текетірестен Қазақстан экономикасы зардап шегеді": Трамтың шешіміне саясаттанушы пікір білдірді

"Бұл текетірестен Қазақстан экономикасы зардап шегеді": Трамтың шешіміне саясаттанушы пікір білдірді

Трамп Ресей соғысты бейбіт келісіммен аяқтамаса, нақты шаралар қабылайтынын мәлімдеді.

  • 27 Қаңтар
  • 17
Фото: ашық дереккөз

Давос форумына онлайн қатысқан Трамп Путин соғысты бейбіт келісіммен аяқтамаса, мұнай бағасын құлатамын деп мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл ретте отандық сарапшы Нұрмұхамед Байғараев Траптың мәлімдемесіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Айтуынша, бұл текетірестен Қазақстан экономикасы задрап шегеді. Себебі бюджетіміздің 44 пайызы мұнай мен газ экспортынан құралады.

Трамптың мәліметінше, ол үшін Арктика мен Альяскадағы кен орындарын бұрғылап, ОПЕК, араб елдерімен келіспек.

«Ресей — біз сияқты ел. Мұнай мен газ экспортынан түсетін қаражатқа тәуелді. Егер мұнай бағасы құласа, бюджетінің түбі көрінеді. Сөйтіп, халқын асырайтын, соғысты қаржыландыратын ақшасы азаяды», — деді сарапшы.

Онсыз да 370 млрд доллары Еуропада бұғатталып қалды. Биылдан бастап Еуропа Ресей газын сатып алуды доғарып, Газпром қатты шығын көрді. Соғысқа ЖІӨ-нің 30 пайызын жұмсайтын болды. Қысқасы, мұнай бағасы құлдыраса, Ресей қатты қиналады.

Кезінде (1986ж) Сауд Арабиясы осылай мұнай бағасын құлатып, соңында КСРО тарап кеткен. Себебі ол кезде де советтер мұнай ақшасына күн көріп отырған.

Ал Трамптың екінші шешімі — Джон Кеннеди, Роберт Кеннеди және Мартин Лютер Кинг өліміне қатысты материалдарды жария етпек. Сан жыл құпия болған ақпарат жарияланса, сенсация болғалы тұр. Үш адамның өліміне ФБР, мафияның қатысы бар ма деген сұраққа жауап табылуы мүмкін.