"Халық Төрешті сағынып қалыпты", — деген автор, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Видеодан той қонақтарының Төреғали Төреәлінің қолын алып, бетінен сүйіп жатқанын көруге болады.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні қолдап жатса, енді біреулері даттап жатыр.
Олар «Әр үйде бір тентек болады», «Менттер не ұтты? Бұл тентек өзгермейді», «Керемет», «Нашақордың өлеңдерін тыңдағым келмейді», «Келесі сұмдығына дайын болайық», «Оңбайтын адамсың ғой Төреш» деген секілді сөздер жазды.
Айта кетейік, есірткіге мас күйінде ұсталып, қамауға алынған Төреғали Төреәлі 17 шілдеде бостандыққа шықты.