Бұл үшін билікті сынға алған белсенді , Үкіметті халықтың сабырымен ойнамауға шақырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бұл Үкімет халықты көшеге шығару үшін жұмыс істеп отыр!
Былтыр ауру өршіп тұрғанда дәріні тығып отырды біразы өліп тынды!
Шекараның бәрін жауып, Халықтың еккен қырыққабатын ысырап қылды оған да үндемедік!
“Ойбай кризис бюджетте ақша жоқ “дейді, бірақ әкімдер наурыз тойын, қала күнін миллиондар шашып тойлайғанға бұл үкімет үндемейді!
Тек қара халық отыз адамға той жасаса айыппұл салып, кәсібін тоқтады.
Ал бүкіл әншілерді жинап алып Түркістан облыс әкімі Шүкеев пен Шымкент қала әкімі Әйтенов қала күндерін тойлап сауық сайран құрып жүргенге бұл үкімет үндемейді!
Халықтың жүйкесімен ойнау дейді бұндайды!
Біраз кәсіп жабылып, күнделікті жейтін ұның мен майың қымбаттап жатқан да, жолды ақылы қыламыз деп бір сандырақтап еді, енді келіп сол жолда жүретін көліктердің майын тапшы қылып қоя салды.
Оңтүстіктің жігіттері бірінен кейін бірі осы мәселені көтеруді сұрап видео жіберіп жатыр!
Ақтауда шығатын селитраның өзі бізге емес, Украина мен Қырғызстанға сатылып жатыр деп ренжуде. Былтыр қырыққабат рәсуа болды, , биыл енді қарбыз, қауындарымыз шіритін болды ғой.
Сәләркі болмаса, қауын қарбызды сыртқа шығарып сата алмаймыз ғой уа көзі соқыр, құлағы керең үкімет!
Халықтың сабырымен ойнамаңдар!",- деп жазды Айгүл Орынбек.
Бұл Үкімет халықты көшеге шығару үшін жұмыс істеп отыр! Былтыр ауру өршіп тұрғанда дәріні тығып отырды біразы өліп тынды! Шекараның бәрін жауып, Халықтың еккен қырыққабатын ысырап қылды оған да үндемедік! “Ойбай кризис бюджетте ақша жоқ “дейді, бірақ әкімдер наурыз тойын, қала күнін миллиондар шашып тойлайғанға бұл үкімет үндемейді! Тек қара халық отыз адамға той жасаса айыппұл салып, кәсібін тоқтады. Ал бүкіл әншілерді жинап алып Түркістан облыс әкімі Шүкеев пен Шымкент қала әкімі Әйтенов қала күндерін тойлап сауық сайран құрып жүргенге бұл үкімет үндемейді! Халықтың жүйкесімен ойнау дейді бұндайды! Біраз кәсіп жабылып, күнделікті жейтін ұның мен майың қымбаттап жатқан да, жолды ақылы қыламыз деп бір сандырақтап еді, енді келіп сол жолда жүретін көліктердің майын тапшы қылып қоя салды. Оңтүстіктің жігіттері бірінен кейін бірі осы мәселені көтеруді сұрап видео жіберіп жатыр! Ақтауда шығатын селитраның өзі бізге емес, Украина мен Қырғызстанға сатылып жатыр деп ренжуде. Былтыр қырыққабат рәсуа болды, , биыл енді қарбыз, қауындарымыз шіритін болды ғой. Сәләркі болмаса, қауын қарбызды сыртқа шығарып сата алмаймыз ғой уа көзі соқыр, құлағы керең үкімет! Халықтың сабырымен ойнамаңдар!
Posted by Айгүл Орынбек on Monday, June 21, 2021