Осыған байланысты Caravan.kz медиа порталының тілшісі белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірін біліп көрді.
— Ұзақ жылдар бойы Ресей Қазақстанның Солтүстік өлкелеріне талап қойып келе жатыр. Бір қызығы, біздің орыс баспасөзі аз болса да Ресейге үміт артады. Қазақтар жерді бермейміз десе, ал орыс баспасөзі қандай да бір үміт сыйлайды. Сондықтан, екі пікір, екі ой бар. 7 жыл болды Ресейде санация, экономика тоқтап тұр. Бұл жағдай да орыстың көңілін жұбату, көңілін тойдыру амалы. Қырымды алдық, Украинаның шығысын алдық, енді Қазақстанның жерін тартып аламыз деген ойлары бар. Тұрмыс нашарласа да Ресейдің аймағы өсіп келе жатыр десе болады. Бұл нағыз орыстың көңілін тойдырады.
“Ол жерді аман болсақ аламыз дегендей”
— Орыс баспасөзі қалтадағы аймақтар ешқайда кетпейді, ол жерді аман болсақ аламыз, қоллдағы жағдай ғой дегендей үміт тудырады. Өйткені, қазір Украинадан тартып ала алмайды, алатынын алды. Белоруссиядан тартып ала алмайды, олардың ойы енді Қазақстаннан аламыз дегені. Меніңше мұндай ой Ресейді үлкен дағдарысқа алып барады. Санациялардың ауырлығын жұбату үшін Ресейдің аймғаын көбейту керек, олардың ойы осы.
“Бұл жағдай шешілсе соғыс арқылы шешіледі”
Бұл жағдай шешілсе соғыс арқылы шешіледі. Ресейге салынған санкцияның ұзаққа созылып кеткенін есепке алсақ, онда бұл Ресейдің дағдарысына алып келеді. Ресейді қазір санация жан-жақтан қысылып отыр. Қазір Батыс, Еуропа бәрі де Ресейді шектеп жатыр. Енді Қазақстан шектесе, жанымызда Қытай тұр, ол да жақсы көрмейді Ресейді. Қытай да өз үлесін күтіп отыр. Ресейдің жерін тартып алуды көздеп отыр. Яғни, бұл жағдай Ресейді жақсылыққа апармайды. Орыс халқының бір ойы бар, аш отырсақ та, Ресей дамып, өсе берсе дегендей, сондай ойы бар. Аш болсақ, аш болайық, бірақ Ресейдің аймағы өсе берсе деген ойы бар. Бұл дағдарысқа, ыдырауға апаратын жол.