"Бұлай егіліп жыламаппын": Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын алысқа ұзатты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұлай егіліп жыламаппын": Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын алысқа ұзатты

"Бұлай егіліп жыламаппын": Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын алысқа ұзатты

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының қызын ұзатты.

  • 14 Қараша
  • 102
Instagram/Роза Әлқожа

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әншінің айтуынша, ол марқұмның қызын ұзатқанда, көз жасына ерік берген.

«Кеш жарық! Нұр-Айша Оразалықызы Қарағанды, Қарқаралының келіні болды!

Жүрегім парша-парша болып кетті!.. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын!
Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең.
Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған.

Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол! Сен соған лайықсың!
Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет!

Нұрсұлтан мен Нұрайша — Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!», — деп жазды әнші.