"Бұлай қуану дұрыс емес": Жаназада ақша шашқандардың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұлай қуану дұрыс емес": Жаназада ақша шашқандардың басы дауға қалды

"Бұлай қуану дұрыс емес": Жаназада ақша шашқандардың басы дауға қалды

Желіде жаназада ақша шашқандардың видеосы тарады.

  • 13 Мамыр
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видеодан жаназада ақша шашып жатқанын байқауға болады. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға жиналған жұрт ақшаға улап-шулап таласқан.

abdulla_kz_kz парақшасындағы ақпаратқа сенсек, оқиға 103 жасында дүниеден өткен қарт кісінің жаназасында болған.

«103 жасқа толып өмірден өткен қарт кісінің жаназасында ақша шашты. Желіде қарт анамыз 103 келіп қайтыс болды, осы кісінің жасын бізге де берсін деп видео жариялаған тұрғын халықтың сынына ұшырады. Осындай әрекет жасау дұрыспа? Тиын шашатыны бар еді соны білемін», — делінген жазбада.

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, түрлі пікір жазуда.

«Үлкен кісі қайтса той дейтіндерді түсінбеймін. Қайдағы той?!», «Алла сақтасын, билейтін жігіттерді де шақырмадыңдар ма», «Апаның жасын берсін деп алып жатқан шығар», «Ерсі көрінеді екен», «Қанша жасқа толса да, қандай адам болса да олай күліп, қуанып шығаруға болмайды», — деп жазды ол.

Пікір жазушылардың арасында продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да бар.

«Ия дұрыс, қария кісілер өмірден өткенде тиын шашатын, біздер кішкентай болатынбыз, одан бері 45 жыл өтті, союздың кезінде тек айлыққа өмір сүрген, мектепке де күнделікті 20 не 50 тиын алатынбыз, сол тиынға келген пряник, пирожкиге тоятынбыз 5-10 тиыннан болған соң. Қазір тиынға ештеңке келмейді, сол себепті ақша шашқан болар», — дейді ол.