”Бұлай позор болғанша ештеңе қоймау керек еді”: Журналист Жапониядағы EXPO көрмесіндегі Қазақстанның павильоны туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бұлай позор болғанша ештеңе қоймау керек еді”: Журналист Жапониядағы EXPO көрмесіндегі Қазақстанның павильоны туралы

”Бұлай позор болғанша ештеңе қоймау керек еді”: Журналист Жапониядағы EXPO көрмесіндегі Қазақстанның павильоны туралы

Expo бүкіләлемдік көрмесі Жапонияның Осака қаласында өтіп жатыр.

  • 16 Сәуiр
  • 133
Фото - Caravan.kz

«Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» тақырыбында өтіп жатқан көрмеге әлемнің 158 елі мен 9 халықаралық ұйымы қатысып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ағымдағы жылдың 13 сәуір-13 қазан аралығында өтетін жаһандық көрмеде Қазақстанның павильоны да орналасқан. Алайда, журналист Айнұр Асанберді еліміздің павильоны тым жұпыны екенін мәлімдеді.


“Осака. EXPO 2025. Қазақстан павильоны.

Жүрегім ауырды…

Бүкіл әлем болашақпен тыныстап жатыр. Америкалықтар — айға үй саламыз дейді. Немістер — ұшатын көлікпен келеді. Жапондар — робот пен рухты біріктіріп отыр. Түркіменстан мен Әзірбайжанның жеке ғимараты, өзіндік стилі, айтары бар.

Ал біз… жартылай киіз үй. Жартылай ұят. Жартылай қатысу. Жартылай ел екенімізді танытқандай…

Ұлт болмысын танытудың орнына, бұрыштағы қарапайым декорацияға айналып қалғандаймыз. Түсінем, қарапайымдық – қасиет. Бірақ мұндай ауқымды сахнада бұлай позор болғанша ештеңе қоймаған жөн бе еді. Жарайды қойған екенбіз, қаншама адам сол ЭКСПО үшін жарты жылға Жапонияға келді. Солар ең болмаса әдемілеп ақпарат беріп шығарып салса ғой шіркін… Сонша іздеп барып өз елімнің күйіне қарап көңіл құлазыды… Тіпті қарсы алып тұрған жігіт ешкімді жақтырып тұрған жоқ”, — дейді ол желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, журналист күншығыс еліне Қазақстанның павильонын апарған жауаптыларды жергілікті барлардан жиі көретінін де жасырмады.

“Мақсатым елімізді сынау емес. Тек осы көрменің соңында 10 адам жүр. Бәрін Осакада барда сыра ішіп отырғандарын көрдім. Мына жерге келгендерді күтіп алып ештеңе қоймаса да ақпарат берсе деген ой ғана”, — деп жазды ол Instagram stories-те.