«Булгария» апатынан кейін Қазақстандағы барлық су кемелерін бақылау шаралары күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Булгария» апатынан кейін Қазақстандағы барлық су кемелерін бақылау шаралары күшейтілді

«Булгария» апатынан кейін Қазақстандағы барлық су кемелерін бақылау шаралары күшейтілді

«Булгария» теплоходының апатынан кейін барлық су кемелеріне бақылау шаралары күшейтілуде.

  • 21 Шiлде 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әсет Асаубаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, барлық іс-шаралар қауіпсіздік мақсатында қолға алынып отыр. «Лицензиясы жоқ су көліктерін пайдалану салдарынан Ресейде қайғылы оқиғаға орын алды. Бізде бұған дейін де тексеру жұмыстары жүргізілді. Енді біз қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін су кемелерін бақылауды күшейтіп отырмыз. Бүгінде дейін Қазақстанда 74 жолаушылар кемесі бар болса, қазіргі кезде 26 су кемесі жолаушылар тасымалдаудан шеттетілді», — дейді Ә.Асаубаев.

Бақылау шараларының қорытындысы ағымдағы айдың соңында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар