«Булгария» теплоходы апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Булгария» теплоходы апатқа ұшырады

«Булгария» теплоходы апатқа ұшырады

Қазанға жақын жердегі Куйбышев су қоймасында «Булгария» теплоходы апат ұшырап, оқиға салдарынан 120 адам іс-түзсіз жоғалды,

  • 11 Шiлде 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады РБК агенттігі.

Соңғы ақпарат бойынша 79 жолаушы құтқарылған. Олардың біразы көмекке жеткен «Арабелла» теплоходымен Қазанға жеткізілді.

Теплоход бортында 197 турист, экипаж мүшелері және тіркелмеген тағы бірнеше адам болған. Олардың көбісі із-түзсіз жоғалғандар санатында. Татарстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 5 адамның қазасын ресми қуаттады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, аман қалғандардың 23-і — медициналық көмекке мұқтаж.

Екі палубалы «Булгария» теплоходы 10 шілде күні Татарстанда Куйбышев су қоймасында суға батып кеткен болатын. Кеме жағалаудан 3 шақырым жерде суға батқан. Апатқа жайсыз ауа райы — қатты жел мен нөсер жаңбыр себеп болған.

Соңғы жаңалықтар