Бурабайда Анталия мен Дубайдан да жақсы болады - ҚР Президенті
![]() |
«Rixos Lake Borovoe» қонақ үйінің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қонақ үйінің маңында үлкен туристік инфрақұрылым құрылатынын және соның нәтижесінде Бурабайда әлемнің көптеген танымал шипажайларынан да жақсы болатынын атап өтті. |
«Жаңа жылдың қарсаңында біз ашып отырған бұл тамаша нысанды салғандар - түрік компаниясының құрылысшылары, Қазақстан мен Түркия акционерлері басында бұл жер суық болады, тиімсіз деп үлкен қарсылық танытқан еді. Бірақ енді өздері де мұндай кереметті салғандарына риза. Мен де бұған қатысқанымды ұялмастан мойындаймын. Бұл тамаша нысанды салуға қатысқан барлық акционерлерді, құрылысшыларды құттықтаймын. Интерьерлерін, қандай материалдардың пайдаланылғанын қараңыз, оған қоса бұл Бурабайдағы ең таза көл. Мен Көкшетаудың қасында әуежай салғанымыз, Астанадан Көкшетауға және Бурабайға дейінгі автобанды салғанымыз және шағын авиация үшін нысандар салуымызға байланысты бұл жерде айналасы жаңа қонақ үйлер мен коттедждерге толатын тамаша демалыс орталығы болатынына сенімдімін. Анталия, Дубаймен салыстырмаймын, бізде одан да жақсы!», - деді Мемлекет Басшысы.
Н.Назарбаевтың айтуынша, бізде одан да таза, әдемірек. «Біз, қазақтар сияқты қонақжай халық әлемде жоқ, біздегідей әдемі қыздар, бозбалалар, біздегідей қонақүйлер ол жерлерде жоқ», - деді Президент.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін