Бурабайда Ақбұлақ сейсмикалық станциясын ресми пайдалануға беру рәсімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабайда Ақбұлақ сейсмикалық станциясын ресми пайдалануға беру рәсімі өтеді

Бурабайда Ақбұлақ сейсмикалық станциясын ресми пайдалануға беру рәсімі өтеді

10-тамызда Бурабайда Ақбұлақ сейсмикалық станциясын ресми пайдалануға беру рәсімі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ядролық қоғамынан хабарлады.

  • 5 Тамыз 2004
  • 447
Фото - Caravan.kz

Ядролық жарылыстарды бақылау станциясын ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен АҚШ әуе күштерінің қолданбалы технологиялар агенттігі (AFTAC) бірлесе құрды.

Станцияны іске қосу рәсімі «Ядролық сынақтар мен оның зардаптарына мониторинг жасау» тақырыбындағы ІІІ халықаралық конференция аясында өткелі отыр. Бас қосу барысында жер астындағы ядролық жарылыстар орнына мониторинг жасау технологиялары мен сынақ орындарына инспекция жүргізу мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, бас қосу барысында Қазақстан , АҚШ және басқа да елдердің ғалымдары жарылыс салдарынан зардап шеккен жер қойнауы құрылымдарын ғана емес, сондай-ақ, жарылыстан кейін көрініс беретін геофизикалық құбылыстардың динамикасын қадағалауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы әдістемелер мен аппаратуралар жайында сарапқа салады.

Перейти к новостям спорта