Бурабайда қызға таласқан жігіттердің кесірінен 19 жастағы студентке оқ тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабайда қызға таласқан жігіттердің кесірінен 19 жастағы студентке оқ тиді

Бурабайда қызға таласқан жігіттердің кесірінен 19 жастағы студентке оқ тиді

Бурабай ауданында қызға таласқан жігіттердің кесірінен 19 жастағы студентке оқ тиді.

  • 14 Желтоқсан 2015
  • 573
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бүгін Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне аудандық аурухана дәрігерлері хабарласып,  19 жастағы студенттің оң аяғынан оқ тиіп ауруханаға түскенін айтқан.

Осыған орай жүргізілген тергеу амалдары барысында келеңсіз жағдайдың бүгін түнгі 03:30 минут шамасында Бурабай ауданындағы колледждердің бірінде орын алғаны анықталды.

Колледж күзетшісінің айтуынша,  осында отжағушы болып жұмыс істейтін 1995 жылғы ер адам балдызымен бірге колледж жатаханасына баса-көктеп кіріп,  екі студентті далаға алып шыққан.  Кейін бірінің оң аяғынан атқан. Алдын ала мәліметтер бойынша отжағушының 1998 жылғы балдызы мен 4 курс студенті қызға таласып қалған көрінеді. Алайда,  оқ қызға таласқан студенттің емес,  оның досының аяғына тиген.

Қазіргі кезде,  осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293 бабының 3 бөлімі бойынша (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада. 


Соңғы жаңалықтар