Жарияланды: 520

Бурабайда республикалық Ауыл спартакиадасы мәреге жетті

Бурабай курортты аймағында 1-ші Қысқы  республикалық Ауыл спартакиадасы мәреге жетті. Желтоқсанның 10-14 аралығында өткен қысқы спартакиадаға 300-ге тарта спортшы қатысты. Ауыл спортын дамыту мақсатында өткен шарада спортты сүйіп айналысатын отбасылар да күш сынады.

Сақылдаған сары аязға қарамастан тұңғыш спартакиадаға  7 облыстың  спортшылары келе алды. Президенттік көпсайыс, допты хоккей, шаңғы жарысы, отбасылық  спорт бәсекелері  әсіресе ауылдан келген  балаларға өз мүмкіндіктерін сынауға жол ашты. Республикалық шаңғы базасында ересек спортшылар   шаңғы тебудің классикалық үлгісін көрсетсе, балалар допты хоккей мен пневматикалық қарудан нысана көздеуден сынға түсті. Әсіресе, отбасылық командалық сайыстар  тартысты өтті. Жалпы  есепте Ақмола облысы бірінші, Солтүстік Қазақстан мен   Ақтөбе  облысының құрамалары екінші және үшінші орындарды бөлісті.   

Бибінұр Қабашова, спартакиадаға қатысушы:

- Мен өзім Еңбек деген алыс ауылдан келдім. Ауыл спортын көркейтуде көптеген спорт залдар керек. Қалалық жерде дамығанмен ауылда онша дамымаған. Сондықтан да қалалық жерге мұндай жарыстарға келу қиындық тудырады. Соған қарамастан біз осы жарысқа келдік. Біз тырыстық не дегенмен. Ауыл спортына көңіл бөліп жатқанына мен өте қуаныштымын

 

Соңғы жылдары  аралас жекпе-жекке деген қызығушылық ел ішінде  өте жоғары. Соның бір айғағы  кең байтақ Қазақстанның   шартарабында жануынгерлік  өнерге баулитын клубтар саны көбейе түсуде. Алматыда ашылған осындай кәсіпқой спорт клубтардың бірі «Әлем файтерс» деп аталады.  ММА, тайбокс, К-1 және кәсіпқой боксты қамтыған көп салалы клубытың ашылуына  ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров мұрындық болыпты.

Осыдан үш-төрт ай бұрын  есігін айқара ашқан «Әлем файтерс» клубының дені жастар.  Жарақатына байланысты бір жыл үзіліс алған Назаровтардың кішісі Бейбіт те жаттығуға қайта кірісіпті. Ағасымен бірге  жастарға үлгі болып жүрген Бейбіт екі-үш айдың жүзінде спорттық бабын келем деп отыр.   «Әлем Файтерс»  сарбаздары алдағы бір-екі айдың ішінде Польша, Қытай және Астанада өтетін ірі жарыстарға қатыспақ.

Ардақ Назаров, «Әлем файтерс» кәсіпқой клбуының жетекшісі:

- Клубтың  мақсаты қазақ жастарын әлемдік ареналарға шығарып , ел абыройын асқақтау болып табылады. Өзімнің жекпе-жек өнерінде алған-жиған тәжірибем мол.  Сол бар білген –тергенімді  жастардың кәдесіне жаратсам деймін.  

«Әлем Файтерстің» алғашқы тырнақ алды жеңісі, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың еншісіне жазылыпты.  Жаңаөзен шаршы алаңында шымкенттік  Фарит  Сафиуллинді нокаутпен ұтқан Жанқош 63,5 келі салмақ бойынша Қазақстан чемпионы атанды.

Жанқош Тұраров, Кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы:.

- Ендігі мақсатым Еуропа және Азия чемпионы атағы үшін сынға түсу. Сол үшін аянбай тер төгуге дайынмын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін