Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.
Оқыс оқиға Щучьеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа "Бурабай" шаңғы базасы кешенін таныстыру кезінде болды. Бұл уақытта Қазақстанның ұлттық құрамасының 200-ден аса спортшысы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатқан.
125 метр биіктіктен секірген спортшы жерге түсерде қателік жіберіп, трамплиннің етегіндегі жасыл төсемге құлады. Қуанышқа қарай, спортшы зардап шеккен жоқ, ол бірнеше секундтан кейін жасанды газонның үстінен тұрып, жиналған қонақтарға ізет білдірді.
ТМД-да еш жерде жоқ "Бурабай" шаңғы кешені 125 гектар жерге орналасқан. Жаңа кешеннің шаңғыроллер трассасының жабдықталуы жыл бойына кез келген деңгейдегі жарыстар мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді.