Ең көп делегация Қытайдан — 64 қатысушы келген, сондай-ақ жарысқа Ресейден — 40, Чехиядан — 37, Қазақстаннан — 30, Жапониядан — 25 адам қатыспақ.
17-ші әлем чемпионатының салтанатты ашылуы Бурабай кентінде өтті. Онда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, ARDF (Amateur Radio Direction Finding) вице-президенті Оле Карпестад (Норвегия) кіріспе сөз сөйледі.
Спорттық радиопеленгация — екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дания мен Англияда пайда болған радио спорты. Ол сонымен қатар ARDF аббревиатурасымен белгілі. Оның шарты бойынша спортшылар жергілікті жердің картасы, компас, бағытты антеннасы бар радиоқабылдағыш арқылы орманның қиылысқан жерлерінде 5 радиоқабылдағыш табуы тиіс. Жарыс мақсаты — аз уақыт ішінде қажетті нысандар санын табу (әдетте, 5). Жарысқа қатысу дене жатығуын ғана емес, ақыл-ой зеректігін де талап етеді.