Бүркіттің жары Аиша үшінші перзентін суда босанбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүркіттің жары Аиша үшінші перзентін суда босанбақшы

Бүркіттің жары Аиша үшінші перзентін суда босанбақшы

Үшінші перзентін күтіп жүрген Аиша бұл жолы суда босанғысы келетінін айтты. Айтуынша, суда босанудың артықшылықтары көп. Аиша ол әйелге жайлылық сыйлайды деген пікірде. Алайда серіктес болуға әнші Бүркіт қарсылық танытқан көрінеді.

  • 5 Сәуiр 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Аиша Comode басылымына берген сұхбатында айтты.

“Алғашқы сәбиімді анаммен бірге босандым. Бірақ ол маған көмектескен жоқ, себебі қатты қобалжыдым. Меніңше, әйел баласы жалғыз босануы керек. Жауапкершілікті басқаға артпай, барлығын өзі сезінуі тиіс деп ойлаймын. Дәл көлік жүргізуді үйренгенмен бірдей. Өз-өзіңді қолға алмайынша, ешқандай нұсқаушы көмектеспейді. Екіншісінде қасымда анам болған жоқ. Тек дәрігер мен акушер болды. Болашақ сәбилерін күтіп жүрген жұлдыздар Өзімді жеңіл сезініп, небәрі үш сағатта босандым. Өзіме, дәрігерге құлақ астым. Бұл жолы баламды суда босансам деймін”, – деп бөлісті Аиша.

Бұл орайда Аиша суда босанудың артықшылықтары туралы арнайы зерттеу жүргізгенін айтады. Айтуынша, ол алғашқы ұлын суда босанғысы келген, алайда Бүркіт баласы үшін алаңдап, оны қолдамапты.


“Бұл жолы ол келісімін берді”, – дейді Аиша.

Оқи отырыңыз:

Атыраулық 70-ке жуық бала Сириядағы соғыста жүр

Құранды таптап, аяғын сүрткен екі қыздың видеосы мұсылмандар арасында дау туғызды

Соңғы жаңалықтар