Оған сәйкес, кейбір өңірлерде, күн райы бұзылып, түнде үсік жүрсе, ал керісінше кей өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық болады деп күтіледі: + 35 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, өңірдің оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық болады: + 35 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 29 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.