“Бұрын да істі болып, сотталған”: Ілияс Сариевке қатысты тың ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бұрын да істі болып, сотталған”: Ілияс Сариевке қатысты тың ақпарат тарады

“Бұрын да істі болып, сотталған”: Ілияс Сариевке қатысты тың ақпарат тарады

“Қазақтың Робин гуды” деген лақап атпен танылған «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған еді.

  • 15 Сәуiр
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ілияс Сариевтің бұдан бұрын да істі болып, сотталғанын журналист Руслан Өтепбай Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

“Ассалаумағалейкум, Ардақты ағайын.

Алдарыңызға Ілияс Сариевке қатысты шұғыл мәлімдемемен шығып отырмын. 

Ілияс Сариевтің бұрын да істі болып, сотталғаны белгілі болды. Соттың шешімімен Ілияс Сариев 2 айға қамауға алынды. Егер кінәсі заңмен дәленденсе бес жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал арызданушылардың саны мен шығындардың мөлшері көбейіп жатса, жазаның ауырлайтыны анық”, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары сотталған азаматтарға қайырымдылықпен айналысуға тыйым салуды ұсынуда.

”Сотталған адамдардың қайырымдылық қор ашуына тыйым салу керек”, “Осы жолы да жәй сотталмай жеген ақшасын қайтарсын”, “Барлық қайырымдылық қорларды тексеру керек”, “Қайырымдылық туралы заңдар қайта қаралу керек”, — деп жазды олар.