Бұрын келіннің аяғы ауыр болып келсе, масқара еді. Қазір қуанатын жағдайға жеттік. Себебі неде? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрын келіннің аяғы ауыр болып келсе, масқара еді. Қазір қуанатын жағдайға жеттік. Себебі неде?

Бұрын келіннің аяғы ауыр болып келсе, масқара еді. Қазір қуанатын жағдайға жеттік. Себебі неде?

Қазіргі қоғамда келіннің аяғы ауыр болып келуі қалыпты жағдайға айналған. 

  • 24 Ақпан 2020
  • 3191
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Қандай жағдай болмасын, күллі халықтың сұрағына, кез-келген тақырыпта афирмация, мотивация беретін Айнұр Тұрсынбаева келіннің ауыр аяқ болып келуі жайында сөз қозғады. 

"Бұрын келіннің аяғы ауыр боп келсе масқара еді, қазір аяғы ауыр боп келсе қуанамыз" деді бір апамыз. Себебі бедеулік күн санап көбейіп барады. Келін келсе туа ала ма екен деп үркіп қарайтын болдық.

Статистикада бала көтере алмайтын әйелдердің 30-40% тым ұқыпты, тазалықты сүйетіндер екен.. Орысша "перфекционист"! Түпсанасында "бала шашады, үйдің бәрін былғайды, төгеді" деген қорқыныш бар.

Тағы бір 20-30% келіншектер кішкентай кезінде қуыршақ ойнамаған, еркекшора боп өскен, яғни аналық инстинкт оянбаған. Байқасаңыздар қазақта баласы жоқ отбасында "бала асырап алу" ырымы бар. Артынша көтере алмай жүрген келін бала туып жатады.

Неге?! Себебі, сәбиге еміренген кезде аналық инстинкт оянады. Және кішкентай қыздардың немен ойнап жүргенін қадағалаңыз. "Мама-папа" ойнаса бөгет жасамаңыз.

Мысалы, мен кішкентай кезімде қонақ шақырып ойнайды екенмін. Және қолыма түскен затты домбыра қылып тартады екенмін. Визуализация!

Кеше бір келіншек "бала туу қорқынышты, одан да тумаймын деп ойлай беретінмін, қазір көтере алмай жүрмін" деп жазды.

Адам қатты уайымдағанда, бір нәрсені қатты қаласа гармондар ойнай бастайды, жүйкесі жұқарып мақсатына жете алмайды. ЭКО жасағанда сәтсіз боп жататыны да сондықтан.. Жас қыздар тез көтеретіні басында қатты ой жоқ, 40-тан асқанда уайым көбейіп, бала көтеру қиынға соғады!

Бәленің бәрі-мидан! Бала көтере алмай жүрсеңіз ең алдымен Алладан дұға тілеңіз! Қорқынышпен емес, маxаббатпен! Ауызбен емес жүрекпен!

Екінші аффирмация! "Мен дені сау баланы аман-есен дүниеге әкелдім.! Аллаға шүкір!" Аффирмация түпсанадағы қорқынышты бұзады. Ол үшін өте көп айту керек.

Үшінші визуализация! Аяғыңыз ауыр болып перзентxанада отырсыз, баланы емізіп отырсыз..Тіпті қуыршақ сатып алып сәби сияқты мәпелеңіз.. Жаңа туған сәбидің ит көйлегін кигізіп қойыңыз..Сәбидің иісін сезініңіз, жылаған дауысын естіңіз.. "Мен анамын" деген көңіл-күйге (состояниеге) кірген кезде қажетті дәрігер алдыңыздан шығады..
Емделмей жүрген ауруыңыз кете бастайды. 

Алла тағала барлық әйел затына аналық бақыт нәсіп етсін!, деп жазды желідегі парақшасында. 


Құрметті оқырман! Бұл тақырыпта Сіздің пікіріңіз қандай? 

Соңғы жаңалықтар