Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирусты қалай жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирусты қалай жұқтырды

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирусты қалай жұқтырды

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталғаны мәлім 

  • 22 Сәуiр 2020
  • 134
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.

"Кеше кешке Надыровқа коронавирус инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты. Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдіремін!", — деп жазды Біртанов.

Ал экс-вице министр коронавирусты қалай жұқтыруы мүмкін. Оны Caravan.kz медиа-порталы анықтап көрді. 

Еске салсақ, экс-вице-министр Алматыда 200 ден аса дәрігердің вирус жұқтыру оқиғасынан кейін өткен аптада оңтүстік астанаға келген болатын. Одан бөлек экс-вице министр Надыров сәуірдің 16 күні Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында вице-министр облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ және облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовпен бірге Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарындағы бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысты. Бұл жайлы zanmedia.kz егжей-тегжейлі жазды.


Ал вице-министр келіп кеткеннен соң бірнеше күннен кейін Іле ауданындағы аудандық ауруханадан бірнеше дәрігердің коронавирус жұқтырғаны мәлім болған көрінеді. Камалжан Надыров мырза вирусты дәл сол сапарларында жұқтырып алуы әбден мүмкін.

Бұған дейін Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылып, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

zanmedia.kzzanmedia.kz
Соңғы жаңалықтар