Бұрынғы Карлаг қастерлі орынға айналды
|
Бүгін Қарағанды облысында талай адамның өмірін тозаққа айналдырған бұрынғы Карлаг ғимаратында мемориалдық мұражайдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Енді ол тарихымыздың қаралы кезеңін еске түсіретін қастерлі орынға айналмақ.
Қайта жаңартылған мұражай 14 залдан тұрады. Ондағы көрініс азалы кезеңді еріксіз еске түсіреді. Ата-бабалары Карлагта атылып кеткендердің ұрпақтары сол заманның жантүршігерлік оқиғаларын терең сезініп, бабалар рухына тағзым етті. Карлагты қайта қалпына келтіруге екі жарым жыл кеткен. Тас- талқаны шыққан тас қапасты мұражай етуге 300 млн теңге жұмсалыпты. Тарихи деректерге сүйенсек, дәл азап лагері жұмыс істеген 30 жыл ішінде мұнда миллионнан астам адам қамалған. 1495-сі ату жазасына кесілген.
София Сейфуллина, Сәкен Сейфулиннің немере қарындасы:
- Құдайға шүкір, рахмет! Сейфолла атамыздың жатқан жерін білмеп едік, енді құдайға шүкір, тәубе, білеміз, жатқан жерін, қуанып тұрмын!
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін