Қайта жаңартылған мұражай 14 залдан тұрады. Ондағы көрініс азалы кезеңді еріксіз еске түсіреді. Ата-бабалары Карлагта атылып кеткендердің ұрпақтары сол заманның жантүршігерлік оқиғаларын терең сезініп, бабалар рухына тағзым етті. Карлагты қайта қалпына келтіруге екі жарым жыл кеткен. Тас- талқаны шыққан тас қапасты мұражай етуге 300 млн теңге жұмсалыпты. Тарихи деректерге сүйенсек, дәл азап лагері жұмыс істеген 30 жыл ішінде мұнда миллионнан астам адам қамалған. 1495-сі ату жазасына кесілген.
София Сейфуллина, Сәкен Сейфулиннің немере қарындасы:
- Құдайға шүкір, рахмет! Сейфолла атамыздың жатқан жерін білмеп едік, енді құдайға шүкір, тәубе, білеміз, жатқан жерін, қуанып тұрмын!