Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында алғашқы Saks Fifth Avenue дүкені Алматыда 2012 жылы ашылады
Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында лицензияланған алғашқы Saks Fifth Avenue дүкені Алматыда 2012 жылы тамызда ашылады , деп хабарлады "VILED Fashion" ЖШС (Saks Incorporated бөлшектік брэнд иесінің қазақстандық әріптесі). |
Saks Fifth Avenue дүкені "Есентай" сауда орталығында орналаспақ, алаңы 8,2 мың шаршы метр болмақ, Алматыдағы Saks Fifth Avenue қызметінің сапасы мен ассортименті АҚШ-тағы дүкендер желісі стандарттарына толық сай болады.
Saks Incorporated компаниясының 46 Saks Fifth Avenue дүкені, 57Saks Fifth Avenue OFF 5TH дүкені және saks.com бар. Saks Fifth Avenue бүкіл әлемде "люкс" класындағы тауарларды сататын танымал жүйе. Оның негізін Chanel, Louis Vuitton, Yves St. Laurent, Jimmy Choo, Christian Louboutin, Cartier, Burberry сияқты жетекші сән үйлерінің арасындағы әріптестік қатынастар қалап отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін