Бұрынғы премьер С. Ахметовке отбасылық бизнес мүдделерін көздеді деген айып тағылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы премьер С. Ахметовке отбасылық бизнес мүдделерін көздеді деген айып тағылуда

Бұрынғы премьер С. Ахметовке отбасылық бизнес мүдделерін көздеді деген айып тағылуда

Қарағандыда қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ҚР бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов,

  • 12 Тамыз 2015
  • 559
Фото - Caravan.kz

облыстың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, басқа да бұрынғы шенеуніктер мен бизнесмендерге қатысты іс бойынша айыптау актісі жариялануда.

Тергеу нұсқасы бойынша С. Ахметов 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығы кезеңінде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады.

С.Ахметов  отбасылық бизнес мүдделерін көздегені және туыстары мен таныстары арқылы кәсіпкерлік жүргізгені үшін айыпталды.

 «2011 жылы ақпанда мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. С. Н. Ахметов өз қолындағы  ақпаратты, сондай-ақ өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, отбасылық бизнес үшін пайда табу мен артықшылықтар алу қылмыстық ниетін іске асырған, ол металл бұйымдарын ыстық мырыштау қызметін көрсететін «Болат Мырыш»  ЖШС (сенімді тұлға арқылы тең құрылтайшы Д. Сырым оның ұлы Ахметов Д.С. басшысы — оның сенімді тұлғасы — Р.К. Әжімұратов, директордың орынбасары — оның бауыры Б.Н. Ахметов) мен олармен үлестес «Болат Мырыш» Сауда үйі» ЖШС кәсіпорнын (Р.К Әжімұратов жалғыз құрылтайшысы) Қарағанды қаласы көшелерін сырттан жарықтандыру тірегін ауыстыру бойынша мердігер ретінде тартқан», — делінген хабарламада.

Осылайша осындай жұмыс жүргізетін кәсіпорындар үшін кемсітушілік жағдай қалыптастырғаны атап өтіледі. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 202 млн теңгені құрайды.

Келесі эпизод Қарағандыда «Көлік-логистикалық кешені» ЖШС құрылысына жер учаскесін беруге байланысты, С. Ахметов мемлекеттік қаражат есебінен ілеспе инфрақұрылыммен жеке бизнесін құрған. Бұл ретте жоба «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша қолдау алды. Айыпта сенімді тұлға арқылы инвестор ретінде Ұлыбританиядағы шетелдік компания тіркелгені көрсетілген.

Сотта істің 21 фигурантына қатысты айыптау актісі жарияланды. Үшінші күні көлемді құжатты үш прокурор Диар Әділов, Галина Кердекаева және Рауан Тобықов кезекпен оқитын болады. Айыпты жариялау апта соңында аяқталады деп күтілуде, содан кейін сот басқа  талқылау  рәсімдеріне кіріседі.


Еске салсақ, С. Ахметовке және басқа да фигуранттарға қатысты қылмыстық іс Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа 2015 жылғы 13 шілдеде түскен. 14 шілдеде  әр сотталушыға статистикалық карточка тіркелді. Қылмыстық іс автоматты түрде судья Исламхан Есенбаевқа берілді.

Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша барлығы 21 адам тергелуде. Оларға қызмет бабын асыра пайдаланды, бюджет қаражатын ұрлады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар тағылған. С.Ахметов сондай-ақ аса ірі көлемде пара алуға айыпталуда. Қылмыстық іс материалдары 300 томнан асады.

Басты сот талқылауы 10 тамызда басталды.

2 
3 4

Соңғы жаңалықтар