Жарияланды: 560

Бұрынғы Қарлаг басқармасының ғимаратында саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың мұражайы орналасты

Қарағанды облысында Долинка елдімекенінде бұрынғы Қарлаг басқармасының ғимаратында саяси қуғындалуға ұшырағандардың мұражайы орналасатын болады.

Алдында мұражай лагерьдің медициналық бөлімшесі орналасқан ғимаратта болған. Қазақстанда жыл сайын 31-мамырда атап өтілетін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні мұнда салтанатты митингіге Қазақстан халқы ассамблеясының, мәдениет министрлігінің, дипломатиялық миссиялардың, этномәдени бірлестіктердің, саяси партиялардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері жиналды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі. Мұражайдың ашылуына репрессияға ұшырағандардың Қазақстан мен Ресейде тұрып жатқан әулеттері шақырылды. "Мұражайдың Қарлагтың бұрынғы басқармасының ғимаратында ашылуы жаппай жүргізілген саяси террордың бүкіл трагедиясының мөлшерін сезінуге мүмкіндік береді", деді журналистерге Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тұгжанов. Жиналғандар сталиндік репрессия жылдары қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды және Спаск мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қойды. Қазақстанда бұл күн 1997 жылдан бері атап өтіледі. Ал 1993 жылы саяси репрессияға ұшыраған құрбандарды ақтау туралы заң шыққан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть