Бұрынғы Қазақстандық әскериді Ресей соты өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы Қазақстандық әскериді Ресей соты өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

Бұрынғы Қазақстандық әскериді Ресей соты өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

Қарағандыда орын тепкен 31775 әскери бөлімшеде қатардағы жауынгер болған Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Болат Шайхутдиновты Қазақстан мен Ресей аумағында бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін Ресей соты өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ал ҚР әскери соты әскерден қашқан қашқын және кісі өлтіргішке 15 жылға бас бостандығынан айыруға жаза кесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Петропавлдан.

  • 11 Қараша 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

Сот материалдарынан мәлім болғанындай, өткен жылдың желтоқсан айында Б.Шайхутдинов бөлімшеге қысқа мерзімді демалыстан кейін оралмаған. Алғашқы кісі өлтіру әрекетін ол Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жүзеге асырып, сыбайласымен бірге 79 жастағы қарт зейнеткерді өлтірді. Қылмыскерлер зейнеткердің үйінен бас киім мен бірнеше әшекей бұйымдарды және қаза тапқан әйелдің туысының автокөлігін олжалады. Сол көлікпен қылмыскерлер оқиға орнынан іздерін жасырды. Біраз уақыт таныстарының үйінде бас сауғалаған әлгілер соңынан көршілес Тюмень облысына қашып кеткен. Сөйтіп олар осындағы Ишим қаласында 5 адамды, соның ішінде екі әйелді іркес-тіркес өлтіреді.

Б.Шайхутдинов Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің заңдары бойынша сотталды. Ресей соты оны өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. 10-қараша, сәрсенбіде Петропавлда өткен ҚР әскери сотының көшпелі отырысында қылмыскерге мүлкін тәркілеп, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктелді. Дегенмен, ҚР әскери сотының судьясы Баязит Дәрібаевтың айтуынша, Шайхутдинов Ресейге экстрадицияланып, сол жерде жазасын өтейді.

Перейти к новостям спорта