Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.К.Бектановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", — деді баспасөз қызметіндегілер.
Өзге мәліметтер ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Кеше, 21 ақпан күні Бас прокуратура экс-министр Мұрат Бектановтың ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы ("Биліктің әрекетсіздігі") фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 20 ақпанда Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
19 қаңтарда Қазақстан президенті қорғаныс министрі қызметіне Руслан Жақсылықовты тағайындады. Мемлекет басшысы экс-министр Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтты. Сын-сағатта армияның әлеуетін пайдалана алмағандықтан, Тоқаев сырттан көмек шақыруға мәжбүр болған.