Бұрынғы Қырғызстан президентінің қызы парламенттегі қызметіне кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы Қырғызстан президентінің  қызы парламенттегі қызметіне кірісті

Бұрынғы Қырғызстан президентінің қызы парламенттегі қызметіне кірісті

Бұрынғы Қырғызстан президентінің қызы өз еліне оралып, парламент депутатының міндетін атқаруға кірісті. Бүгін, 14-сәуірде Бермет Ақаева елдегі билік ауысқаннан кейін алғаш рет Қырғызстан Жогорку кенешінің отырысына келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Сәуiр 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

«Мен қарапайым депутатпын және өз міндетімді орындауға келдім»,- деді ол журналистерге.

Б.Ақаева сайлау кезінде дауыс атып алу дерегін жоққа шығара отырып, ағасы Айдар Ақаев та елге оралып, парламенттегі қызметке кірісетінін хабарлады.
«Өз басым халық тарапынан қандай да бір проблема болады деп ойламаймын»,- деп атап көрсеткен ол дегенмен еліне оралуға байланысты түрлі арандатушылық әрекеттердің жасалу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Қырғызстандағы танымал үкіметтік емес ұйым — «Демократия және азаматтық қоғам» Коалициясы Бермет Ақаеваның елге оралуы «республикадағы ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған ашық арандатушылық әрекет» деген мәлімдеме жасады.
Бұған дейін кейбір депутаттар Бермет және Айдар Ақаевтарды 24-наурызда республиканы тастап шыққандықтан және парламенттің отырыстарына қатыспағандықтан депуттатық мандаттан айыру керек деп талап еткен.

Перейти к новостям спорта