Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды

Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды

Қазақстандық экологтардың пікірінше, бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағы жеткілікті түрде зерттелмеген, сол себепті олар бұл жерлердің шаруашылық мақсатта пайдалануға берілуіне қарсы.

  • 5 Шiлде 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның Жер кодексіне сәйкес ядролық сынақтар жүргізілген жер телімдері жерді ластаудың бүкіл салдары жойылған соң ғана пайдалануға берілуге тиіс. Біздің білімуізше, ол жерде ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ», деді Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында Қазақстан үкіметтік емес ұйымдарының ядролық қаруға қарсы Экофорум науқанының үйлестірушісі Қайша Атаханова.

«Ұзақ мерзімді тритий, плутоний-241 секілді радионуклидтердің мөлшері туралы деректер жеткіліксіз», деді Қ.Атаханова.
Сонымен қатар оның айтуынша, Қазақстанда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін реттеуші нормативті-құқықтық база, техникалық регламенттер, стандарттар жеткілікті дәрежеде әзірленбеген.
Экологтардың айтуынша, бұл мәселе бойынша тәуелсіз халықаралық сарапшылардың қатысуымен стол басында әңгіме өткізу керек.

Соңғы жаңалықтар