— Осындай қуыстай бөлмеде өмір сүріп жатырмыз. Ия электр жарығы жоқ, түнде, әйтеуір, жамылып жатамыз, суық. Күндіз бір-екі жердің полын жуып келіп, өзімнің бала-шағама нан тауып отырмын…
Тозығы жеткен баспана түн ортасында опырылып түсіпті. Шырт ұйқыдағы отбасы қабырға астында қалып, абырой болғанда, дін-аман шыққан. Қазір сексендегі қария мен 3 жастағы немересі, қызы желі азынаған жартылай бүтін дәлізді паналап отыр. Қос көрпеше мен қос жастықтан өзге түгі жоқ. Электр жарығы да қабырғамен қоса үзіліпті. Үйді төтенше жағдай қызметкерлері о баста апатты деп танып, жергілікті билік басқа баспана бермек болған. Бірақ, сол күйі созбалаңға салып келеді.
Дәмеш Шілдебаева, Қызылорда қаласының тұрғыны:
— Әкімдікке барғанда маған айтты, сен кемпір неге келе бересің? Сен бәлі болдың деп, бір милиция мені итеріп жіберді баспалдақтан, мен құлап түстім. Мына қызым сүйреп біз жедел жәрдем шақырттық ол жақта біз деген. Баратын жеріміз де жоқ, туысқаным да жоқ менің, қайда баратынымды қайдам енді…