Айтуынша, желіде балаларға порно роликтердің түр-түрін сататын топтар пайда болған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Аталған жайт туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында хабарлады. Ол онда:
«Өздеріңіз балалық, жасөспірім болған кездеріңіз естеріңізде ме? Біз нені ұнаттық және немен айналыстық?
Онда біле жүріңіздер, қазіргі жастар міне мынамен айналысады! Бүтін бір ұлт күйреп жатыр, жастар ақымақтыққа салынып, адамдықтан жұрдай болып барады. Оларда жұмыс жоқ, даму үшін мүмкіндіктер де аз. «Сату-сатып алу» топтарына кіріп едім, бәрі сатылады.
Балалар порносы, қыздар мен жігіттер бір-бірін балағаттап жатады, біреулер жиһазын атып жатса, енді бірі төсек жамылғысын сатып жатыр, қысқасы бәрі бар. Міне біздің жастардың қазіргі өмірі осы», — деп күйінді қоғам белсендісі.
Желі қолданушылыра осы жазбаға байланысты жарыса пікір жаздаған.
«Не болып барады өмір? Жастар қайда бара жатыр өзі?», «Ата-аналары күнімен жұмыста, бұлар қараусыз, сосын әрине ойларына келгенін істейді», «Ата-бабаларымыз ұялатын шығар осындай ұрпақтан», «Масқара» деп жазды олар.