"Бұты құман көрмеген қыздар әкесінің түсіне кірмеген дүниені мәһірге сұрайды": Халық заң бойынша мәһірді тоқтатуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұты құман көрмеген қыздар әкесінің түсіне кірмеген дүниені мәһірге сұрайды": Халық  заң бойынша мәһірді тоқтатуды сұрады

"Бұты құман көрмеген қыздар әкесінің түсіне кірмеген дүниені мәһірге сұрайды": Халық заң бойынша мәһірді тоқтатуды сұрады

Бірнеше уақыттан бері мәһір тақырыбы тартыс пен дауға айналғаны анық. Бірі қолдаса, енді бірі бұл сөзді мүлдем естімеген. 

  • 13 Ақпан
  • 306
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде түрлі видеолар тарағаны да белгілі. 

— Беті құран көрмеген, бұты құман көрмеген қыздар әкесінің түсіне де кірмеген дүниені мәһірге сұрайды. Осыған қалай қарайсыздар? Не ойлайсыздар? Мәһірге кім не сқрайды сонда?, — делінген тағы бір желіде тараған видеода. 

Ал, көпшілік қауым бұл айтылғанға қолдау білдірді. Тіпті, заң бойынша тыйым салуды сұрағандар да болды. 

 
 

 

Мәһір деген не? 

Мәһір – үйлену кезінде ер кісінің әйелге осы атпен берілетін, яки кейіннен берілуі көзделген дүние яки ақша. Мәһір некенің ешқандай шарттарына жатпайды. Ол әйелге берілуі тиіс дүниелік ақыға жатады. Мәһір неке қиылар кезінде айтылмаса да неке жарамды болады. Әйтсе де әйел кейіннен өзіне тиіс мәһірін алуы тиіс. Құранда Аллаһ Тағала: «әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер» (Ниса сүресі, 4-аят).