Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол көрші елдерден отанына оралған сириялық босқындардың саны біртіндеп артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тек соңғы 3 аптада Сирияға 50 мыңнан астам адам оралды.
Бұл ретте Гранди Сириядағы өмір сүру жағдайлары қорқынышты болып қала беретінін, оралған адамдарға және мұқтаж жандарға көбірек гуманитарлық көмек көрсету қажет екенін айтты.
Еске салсақ, Сирия оппозициясы Дамаскінің Асад режимінен азат етілгенін жариялады. Бұл туралы Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы хабарлады.
Кейіннен Башар Асад президенттік қызметтен бас тартып, елден кету туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
16 желтоқсанда Башар Асад елден қашқан соң алғаш рет мәлімдеме жасағанын жазған едік.