БҰҰ аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралына айналуы тиіс - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралына айналуы тиіс - ҚР СІМ

БҰҰ аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралына айналуы тиіс - ҚР СІМ

БҰҰ аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, халықты жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпау режимі мен жаҺандану процессін басқарудың тиімді құралына айналуы тиіс. БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йорк қаласында өткен 59-сессиясында сөз сөйлеген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

  • 27 Қыркүйек 2004
  • 586
Фото - Caravan.kz

Министр сессияға қатысушылардың назарын ғаламдық көп жақты ынтымақтастықты нығайту үшін БҰҰ бас хатшысының жанында аймақтық ұйымдар кеңесін құру туралы Қазақстанның ұсынысына аударды. Сондай-ақ, Қазақстанда Орталық Азия аймағындағы превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ орталығын құру ұсынылып отыр.

Қ.Тоқаев Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы мен қауіпсіздігін нығайтуда маңызды роль атқаратын ТМД , Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЭҚ, Орталық Азия аймақтық ынтымақтастық ұйымы тәрізді ұйымдар шеңберіндегі көп жақты ынтымақтастық пен интеграцияны қолдайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, министр халықаралық қауымдастықтың Арал теңізі мен Семей өңірінің проблемаларын шешу үшін жұмсайтын күш-жігерін пәрмендендіру қажеттігін атап өтті.
Сессия барысында Қ.Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы, Габон сыртқы істер министрі Ж.Пингпен кездесті. Тараптар БҰҰ-ның аталмыш органының іс-қызметін нығайту жөнінде өзара пікір алмасты.
Нью-Йорк сапары барысында ҚР СІМ сондай-ақ дүниежүзі елдері сыртқы саясат мекемелерінің басшыларымен, БҰҰ Даму бағдарламасының жетекшілерімен және АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесті.

Перейти к новостям спорта