БҰҰ бас хатшысы отырыстан кенін Пан Ги Мун атынан мәлімдемені оқыды. Онда айтылғанындай қалыптасып отырған жағдай әлемдегі азық-түлікке деген сұраныстың өсуімен байланысты. Оның пікірі бойынша дағдарыстың туындау себептері кешенді сипатта болса, оның салдары алуан түрлі. Мәлімдемеде көрсетілгеніндей, бұл мәселені шешу үшін халықаралық күшті жұмылдырып, қам-қарекеттерді жоғары деңгейде үйлестіру керек.
Арнайы құрылған топтың мақсаты азық-түлік бағаларының өсуіне орай туындаған жаһандық мәселелерді шешудің бірыңғай жолына қолғабыс жасау болып табылады. Бүгін топ мүшелері барлық мәселелерді қамтуға арналған стратегияны дайындауға назар аударды.
Бұл стратегия ауыл шаруашылықты дамытуға, әлеуметтік көмек көрсетуге, азық түлік көмегін беру сияқты ұзақ және қысқа мерзімді жоспар болады деп күтілуде.
Топ мүшелері дағдарыстың себебін сараптап, 3-5 маусым аралығында Римде өтетін әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жоғары деңгейдегі саммитінде болашақ стратегияның элементтерін көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Сонымен бірге халықаралық қаржы ұйымдары мен БҰҰ мекемелерінің басшылары кіретін жұмыс тобы, мемлекеттерге дағдарысты күрделлілендірмеу үшін бидай экспортына қойылған шектеулерді алып тастауды ұсынды. Топ мүшелері (Әлемдік азық-түлік бағдарламасының жобаларын жүзеге асыратын) гуманитарлық мақсаттарға қажетті азық-түліктерді жеткізудің мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті