БҰҰ аштықпен және кедейлікпен күрестің жаһандық мақсаттарын келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ аштықпен және кедейлікпен күрестің жаһандық мақсаттарын келісті

БҰҰ аштықпен және кедейлікпен күрестің жаһандық мақсаттарын келісті

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) алдағы 15 жылдың күн тәртібіне қатысты келісімге қол жеткізді.

  • 3 Тамыз 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz

Жексенбі күні кешке, 2 тамызда БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет «Әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібі» атты Іс-қимыл жоспарын жариялады.

«Бұл шынымен де тарихи сәт», — деп мәлімдеді келіссөз үдерісінің тең төрағасы, БҰҰ жанындағы Кенияның тұрақты өкілі Мачария Камау.

Құжатта 15 жылға орнықты дамудың 17 мақсаты көзделген. Олардың біріншісі «кедейлікті түп тамырымен жоюды» қарастырады. Ғаламшарда кедейлердің басым бөлігі Африка мен Азия елдерінде тұрады. Сондай-ақ, БҰҰ Іс-қимыл жоспары аштықты жоюды, білімге, денсаулық сақтауға қолжетімділікті қамтамасыз етуді, жыныстар теңдігі, орнықты экономикалық өсімді, жаһандық жылынуға қарсы шұғыл шараларды іске асыруды қамтиды.

Құжат Нью-Йоркте 2015 жылғы қыркүйекте ұйым саммитінде қабылданады деп күтілуде. БҰҰ бағалауынша, алдағы 15 жыл ішінде қойылған мақсаттарды іске асыруға жыл сайын 3,3-тен 4,5 миллиард долларға дейін қаражат қажет, деп атап өтеді AFP агенттігі.


Соңғы жаңалықтар