БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады

БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады

БҰҰ жексенбі күні өзінің 120 қызметкері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін Ауғанстаннан Қазақстанға эвакуациялады.

  • 23 Тамыз 2021
  • 1385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«БҰҰ 22 тамыз күні Ауғанстанның астанасынан 120 адамды Алматыға жеткізді, бұл соңғы аптадағы осындай екінші әуе рейсі. Жолаушылар қатарында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ-ның әріптестері саналатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар», — делінген хабарламада.

Өткен аптада БҰҰ-ның жүзге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға қашықтан жұмыс істеуді жалғастыру үшін жеткізілді. «Талибан» радикалды қозғалысының шешуші шабуылының алдында Ауғанстандағы БҰҰ-ның түрлі миссиясында жергілікті халық арасынан 3 мың адам және 700-ден астам шетелдік жұмыс істеген.


«Талибан» радикалды қозғалысының жауынгерлері 15 тамыз күні шайқассыз Кабулға кіріп, бірнеше сағаттың ішінде ауған астанасында толық билігін орнатты.

Соңғы жаңалықтар