БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы басталды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы басталды

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 сессиясы ашылды, - деп хабарлайды http://www.24.kz/.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz


108 президент, 50 премьер-министр қатысатын негізгі шаралар қыркүйектің соңына белгіленген болатын. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ұйым бекіткен құжат аясында орындалған мақсаттар жайында, оның ішінде азық-түлік, су және энергетикалық қауіпсіздік, салауатты өмір салты, сапалы білім, гендерлік теңдік пен экономикалық өсімді қамтамасыздандыру, инфрақұрылым мен өндірісті дамыту, урбанизация жайлы баяндап бермек. Қайрат Әбдірахманов, ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі: — Биылғы қыркүйектің соңында БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейлі 70-сессиясының аясында осы ұйымның арнайы Саммиті өтіп, мемлекет және үкімет басшылары 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртіпті бекітетін болады. Бұл құжаттың бастамасы 2010 жылда көтеріліп, БҰҰ мүшелері қорытынды құжаты бойынша кейінгі жылдары тынбай жұмыс істеді. Мұнымен қоса, Елбасы ядролық қарусыздану, терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы күрес, бітімгершілік операцияларын орындау, қаржы және экономикалық дағдарысты еңсеру сынды жаһандық маңыздағы мәселелерде өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізбек.

Соңғы жаңалықтар