Жарияланды: 460

БҰҰ Бас хатшысы алдағы 10 жылда СПИД-ті жеңуге шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун алдағы 10 жылда әлем елдері СПИД-ті жеңуі қажет деп есептейді.

«Біз бұл жерге СПИД-ті түп-тамырымен жою үшін жиналып отырмыз. Осы міндетті біз алдағы 10 жылда жүзеге асыруымыз керек. Сол кезде сырқатқа жаңадан шалдыққандар да, СПИД-тен көз жұмғандар да болмауы шарт», - деді ол Нью-Йоркте осы індетке қарсы күрес жөніндегі халықаралық форумда. Пан Ги Мун «оны құрту үшін батыл шараларды қолға алуымыз керек» деп атап өтті. 1996-2011 © Interfax-Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін