БҰҰ бас хатшысы ЕО-ны босқындар жағдайына байланысты жауапкершілікке ортақтасуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ бас хатшысы ЕО-ны босқындар жағдайына байланысты жауапкершілікке ортақтасуға шақырды

БҰҰ бас хатшысы ЕО-ны босқындар жағдайына байланысты жауапкершілікке ортақтасуға шақырды

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун жексенбі күні телефон арқылы кей еуропалық лидерлермен босқындарға байланысты дағдарысты талқылады.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Мигранттардың келуімен мемлекеттерде туындаған проблемалардың ауқымдылығын айтқан бас хатшы лидерлерді «жауапкершілікті тең дәрежеде бөлісуге» шақырды, деп хабарлады БҰҰ баспасөз қызметінен.   

«Ол лидерлердің Еуропадағы мигранттар мен босқындарға қатысты ксенофобия, кемсітушілік пен зорлыққа байланысты алаңдаушылықтарына ризашылдығын білдірді», — делінген таратылған хабарламада, деп жазды РИА Новости.

2015 жылдың басынан Еуроодақ аумағына шамамен 350 мың мигрант барды, олардың қатары күн сайын мыңға толығуда.


Босқындардың 53 пайызы  Сирия (3,9 миллион), Ауғанстан (2,6 миллион) және Сомалиден (1,1 миллион) баруда.

Соңғы жаңалықтар