Жарияланды: 480

БҰҰ ДБ 2016 жылға дейін Қырғызстанға $84 млн-нан аса қаржы бөледі

БҰҰ Даму бағдарламасы 2016 жылға дейін Қырғызстанға $84 млн-нан аса қаржы бөледі,деп хабарлайды жұма күні ҚырТАГ.

«БҰҰ жобаларды басқару жөніндегі басқармасының ДБ атқарушы кеңесінің жыл сайынғы сессиясында Қырғызстан үшін 2012-2016 жылдарға $84,86 млн соманың бесінші елдік бағдарламасы бекітілді», - делінген Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Бұл бағдарламала БҰҰ ДБ-ның басты күш-жігері әлеуметтік-экономикалық дамуды, жұмыссыздықты қысқартуды қолдауға, қоршаған ортаны қорғауға, этносаралық үйлесімділік пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталады, делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін